Tomiris жобасының іріктеу кезеңі аяқталды
1-10 шілде аралығында барлығы 154 өтінім келіп түскен.
Көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris білім беру жобасының іріктеу кезеңі аяқталды.
1-10 шілде аралығында барлығы 154 өтінім келіп түскен. Олардың ішінде 125 өтінім конкурс талабына толықтай сай келген.
Конкурстық комиссия іріктеуді кезең-кезеңімен өткізіп, бағалау жүргізді. Іріктеудің бірінші кезеңінде 125 адамның түйіндемесі мен бейнепрезентациясына баға берілді. Нәтижесінде, финалдық кезең – сұхбаттасуға 88 адам өтті.
Екінші кезеңде конкурстық комиссия финалистермен сұхбат өткізіп, конкурс шешімі қорытынды интегралдық бағалауды (бейнепрезентация және сұхбат) саралау негізінде қабылданады. Оқу 12 қыркүйек күні басталады. Tomiris бағдарламасын Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының қолдауымен өткізіп жатыр.