Ақтөбедегі ферроқорытпа зауыт маңында ер адамға найзағай түсті
Оқиға 8 тамыз күні сағат 17:00 шамасында болған.
Ақтөбедегі зауыт маңында бір адамның үстіне найзағай түсіп, саладарынан мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Диапазон басылымына слтеме жасап.
Оқиға 8 тамыз күні сағат 17:00 шамасында жедел жәрдем станциясына ферроқорытпа зауытынан адам найзағай соққаны туралы қоңырау түскен. Келген дәрігерлер аулада жатқан 35 жастағы ер адамды көрді. Алайда ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
Зауыт жұмысшыларының айтуынша, кешкі астан кейін ер адам далаға шыққан.
Кейінірек ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі ер адам зауыт қызметкері емес екенін мәлімдеді.