Қоғам

8 ай бұрын жоғалып кеткен алматылық тұрғын табылды

Instagram/lider.kz

Туыстарының айтуынша, ер адам 2023 жылғы желтоқсанда жоғалып кеткен және байланысын тоқтатқан.

Былтыр желтоқсан айында із-түзсіз жоғалып кеткен алматылық тұрғын тірі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

1984 жылы туған Морин Александр Сергеевич Алматы қаласында тұратын. Туыстарының айтуынша, ер адам 2023 жылғы желтоқсанда жоғалып кеткен және байланысын тоқтатқан.

Еріктілердің айтуынша, жоғалып кеткен адам 2024 жылғы 4 тамызда табылған. Ер адам Алматыдан табылмады. Еріктілер бұл іс бойынша басқа ақпарат беруден бас тартты.