Желіде Шымкент әкімінің дөрекі сөйлеген видеосы тарады
Кадрдан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкімнің артқа бұрылып полицейге ескерту жасағанын көруге болады.
Желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу барысында полиция қызметкеріне дөрекі сөйлеген видеосы тарады.
Кадрдан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкімнің артқа бұрылып полицейге ескерту жасағанын көруге болады.
«Ей, даусыңды көтермей сөйле, қалай-қалай сөйлейсің! Бар арғы жаққа. Жақындамасын. Ары тұр», – дейді әкім.
Әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны белгісіз. Алайда желі қолданушылары әкімнің ескертуінің тым дөрекі екенін айтып, сынға алды. Кейбір желі қолданушылары әкімнің әрекетін көзбояушылық, алдын ала келісілген жағдай деп бағалаған.