Жаңалықтар

Атырауда гараж маңынан 18 жастағы жігіттің денесі табылды

Атырауда гараж маңынан жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz azh.kz-ке сілтеме жасап 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, бүгін сағат 14:15 шамасында Сырым Датов көшесі бойында орналасқан гараж аумағынан 2006 жылы туған жігіттің мәйіті табылғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.