Қоғам

«Асхананың чемпионы»: Әнші Kalifarniya әйеліне тосын сый жасады

видеодан алынған скрин

Әнші Фархат Қалиев жұбайын қуантты.

Kalifarniya атымен танымал әнші Фархат Қалиев жұбайы Әнелге су жаңа темір тұлпар сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін керемет күн болғалы тұр. Париж Олимпиадасының чемпиондарына көлік мінгізіп жатыр ғой. Мен де қалыс қалмайын деп үйімнің асханасындағы чемпион әйеліме көлік сыйлағалы тұрмын. Ол ештеңе білмейді. Қазір ғана шақырдым. Реакциясын бірге көрейік», – деді әнші. 

Тосын сыйды көрген әншінің әйелі күйеуіне алғыс айтты.