Жаһан

«Трансгендер» атанған боксшы екі қыз финалға шықты

коллаж: turkystan.kz

Тайваньдық Линь Юйтин мен алжирлік боксшы Иман Хелиф көптің назарына ілікті.

Париж олимпиадасында ең қызу талқыға түскен екі боксшы қыз финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

57 келіде өнер көрсететін тайваньдық Линь Юйтин төртжылдықтың финалында бокстасады. Жартылай финалда Юйтин түркиялық қарсыласы Эсра Йылдызды 5:0 есебімен жеңді. Енді ол алтынға таласады.

Бұған дейін 66 келідегі алжирлік боксшы Иман Хелиф те финалға жолдама алған болатын.

Бұл екі боксшы да жұрттың ерекше назарына ілікті. Мұның алдында екеуі де гендерлік талаптарды бұзды деген себеппен жарыстардан шеттетілген. Өйткені екеуінің де тестостероны тым жоғары болған. Сол үшін тіпті оларға «жынысын ауыстырды» деген айып та тағылды. Дегенмен ХОК оны жоққа шығарды.