Спорт

Париж-2024: Әмір Маймұратов жартылай финалға шыға алмады

Әмір Маймұратов. Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Ширек финалда Маймұратов ирандық Реза Алипурға қарсы шыққан болатын.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі  Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасының жартылай финалынан сырт қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ширек финалда Маймұратов ирандық Реза Алипурға қарсы шыққан болатын. 

Өкінішке қарай қазақстандық спортшы 6,14 секунд уақыт көрсеткішімен ирандыққа есе жіберді.  

Осылайша, Әмір Маймұратов жартылай финалдан сырт қалды.