Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

8 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

 «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Тэгтер:

ресми сапар Ақорда Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті