Жаңалықтар

Париж-2024: Бүгін жарыс жолына шығатын спортшылардың тізімі

ҰОК/ Сали Сабиров

Бүгін Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде еркін күрес балуандарының белдеседі. Аталмыш сында Мейрамбек Қартбай (57 келі) және Азамат Дәулетбеков (86 келі) Париж боз кілемінде бақ сынайды.      

Байдарка мен каноэде ескек есу жарысында әйелдер арасындағы 200 метр қашықтықта Мария Бровкова жарыс жолына шығады.   

Көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева жарысты бүгін бастайды.  

Қазіргі бессайыстан Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жарыс жолына шығады.  

Спорттық құзға өрмелеуден Олимпиада рекордын жаңартқан Әмір Маймұратов ширек финалда бақ сынайды.