Спорт

"Келесі Олимпиададан алтынмен оралуға барымды саламын" – Нұрбек Оралбай

Olympic.kz

Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін таласта украиндық боксшы Александр Хижнякқа есе жіберіп қойды.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай ақтық сайыстан соң сұхбат берді.

"Қолдап жатқан қазақ еліне рахметімді айтамын. Ұту үшін барымды салдым. Осыған да шүкір етемін. Алла қаласа жақсылап дайындалып, келесі Олимпиададан алтынмен оралуға барымды саламын. Еңбек етеміз", – дейді боксшы.

Еске сала кетейік, 80 келіде қолғап түйістіретін отандасымыз Олимпиада финалында украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.