Жаңалықтар

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК мәлеіметінше, 8 тамыз, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды.

«Қазгидромет» РМК мәлеіметінше, 8 тамыз, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Риддер, Өскемен, түнде Атырау, Қостанай қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.