Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

olympic.kz

Нұрбек Оралбай – Олимпиаданың күміс жүлдегері

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалында жеңіліп қалды.

80 келіде қолғап түйістіретін отандасымыз украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.

29 жастағы Александр Хижняк 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ сол жылы Харьковте өткен Еуропа біріншілігінде алтын жүлде иеленді. Еуропа ойындарының жеңімпазы (2019, 2023). Кейін Токио Олимпиадасында 75 келіде белдесіп, күміс жүлдегер атанған болатын.

Ал 24 жастағы Нұрбек Оралбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегері атанды. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын жүлде еншіледі.

Қазір ел қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.