Токиодағы аптап ыстық бір айда 120 адамның өмірін қиды
37 мың жапондық медициналық көмекке жүгінген.
Токиода аптап ыстықтан бір айда 120 адам қаза тапты, деп жазды euronews.com.
Шілдеде Токиода аптап ыстық салдарынан 120-дан астам адам қайтыс болды. Олардың көбісі – 60 жастан асқан адамдар. Өткен ай 1898 жылдан бергі елдегі ең ыстық ай болды. Температура орташа температурадан 2,16 градусқа жоғары болды.
37 мың жапондық медициналық көмекке жүгінген.
Сейсенбіде Токио мен Жапонияның батыс бөлігінде ыстық ауа-райы туралы ескертулер жарияланды. Ел астанасының орталығында температура шамамен +34-ке дейін көтерілді.