Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынды

7 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Polisia.kz
Ол мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі мас күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Мас күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды. Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген.

Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.

 

Тэгтер:

Мас Қызылорда облысы Жедел жәрдем жүргізуші Арал