Жаңалықтар

Министрлік қазақстандықтарға Бангладешке уақытша бармауға кеңес берді

istockphoto.com

Бангладеште соңғы үш күнде қақтығыстардан 300-ден адам мерт болған.

Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуға шақырды.

Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұрайды.

Айта кетейік, Бангладеште билік мемлекеттік жұмыс орындарына квоталардың көпшілігін жойғаннан кейін жаппай шерулер басталды. Соңғы үш күнде қақтығыстардан 300-ден адам мерт болған.