Спорт

Демеу Жадыраевтың жеке бапкерінің видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

скриншот

Желі қолданушылары бапкердің шәкіртіне деген қолдауына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Желіде Демеу Жадыраевтың жеке бапкері Жұмахан Тұрғанбековтың видеосы тарап, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Париж Олимпиадасында шәкіртінің финалға шыққан сәтін көрген жаттықтырушы көз жасына ерік берген.

Әсерлі сәттің видеосы TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған. Онда Жұмахан Тұрғанбековтың көпшілікпен Демеу Жадыраевтың финалға шыққанын тамашалап, соңында көзіне жас алып, қуанғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бапкердің шәкіртіне деген қолдауына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

«Осы атамның көз жасы алтынға айналсын», «Бар марапатқа осы кісі лайық. Бір емес екі Олимпиада жүлдегерін жаттықтырды», «Еңбегі ақталып жатыр. Әрине, жылайды. Туған баласындай тәрбиелеп, жаттықтырып чемпион жасады», «Үлкен жеңістер кіші спортзалдардан, осындай ағайлардан басталады, «Жылағаның көріп, жүрегім елжіреп кетті», «Еңбегіңіз жансын, аға. Сіздің еңбегіңіз елеулі», - деп жазуда көпшілік.