Жаңалықтар

Оралда көпірді жөндеп жатқан жұмысшы қаза тапты

Мой город басылымы

Ер адамның денесі судан шығарылды.

Оралда су тасқыны кезінде қираған көпірді жөндеп жатқан 47 жастағы жұмысшы суға батып, қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

 БҚО полиция департаментінің хабарлауынша,  6 тамызда Шаған өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде ЖШС жұмысшысы абайсызда көпірден суға құлап, батып кеткен. 

47 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмаған. Ер адамның денесі судан шығарылды. 

Айта кетейік, биылғы көктемде «Самал» шағын ауданындағы су тасқыны кезінде Шаған өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірінде мұз қатып, көпір жартылай бұзылған болатын.