Жаңалықтар

Баян Алагөзова қызына қандай есім қойғанын жария етті

Баян Алагөзова. Фото: instagram/bayanmaxatkyzy

Өнер иесі үшінші қызына Алиса деген есім қойған.

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы үшінші сәбиіне қандай есім бергенін мәлім етті.

«Қош келдің, Алагөзова Алиса Тұрсенғалиқызы», – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, 5 тамыз күні Баян Мақсатқызы үшінші рет ана атанғанын айтып, сүйінші сұраған еді.

Еске салсақ, бұған дейін өнер иесінің үшінші рет ана атанғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.