Париж-2024: Құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты

6 тамыз, 2024 / Дана Ізтілеуова
Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық атлет Әмір Маймұратов Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты

Құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының мүшесі Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты.

Бүгін Париж Олимпиадасында ерлер арасында құзға өрмелеуден іріктеу жарыстары басталды. Бұл раундтың нәтижесі бойынша турнир кестесі жасақталады.

Қазақстандық атлет бірінші мүмкіндігінде-ақ Олимпиада рекордын жаңартты. Оның нәтижесі – 4.89 секунд.

Айта кетейік, Әмір – осы бағдарламада Қазақстан атынан қатысатын жалғыз спортшы.

Тэгтер:

Олимпиада Париж Олимпиадасы рекорд рекордсмен құз