Денис Тенді өлтірген жігіт Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді

6 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Olympic.kz
Іс биыл 16 шілдеде судьяға жіберілгені, ал сот отырысы 8 тамызда өтетіні көрсетілген.

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Іс судьяға жіберіліп, 8 тамызда қаралады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.  

Кассациялық шағым туралы ақпарат Жоғарғы сот сайтындағы сот кеңсесінде пайда болды.

Дегенмен іс материалдары жарияланбаған. Іс биыл 16 шілдеде судьяға жіберілгені, ал сот отырысы 8 тамызда өтетіні көрсетілген.

Айта кетейік, сот кеңсесінде бір ғана сотталушының аты-жөні көрсетілген. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін сотталған Нұралы Қиясовқа қатысты оның кассациялық шағым түсірген-түсірмегені туралы мәлімет жоқ.

Тэгтер:

Жоғарғы сот Денис Тен шағым