Екібастұзда бесінші қабаттан 3 жастағы бала құлап кетті
Зардап шеккен бала Екібастұз қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында, ауыр жағдайда жатыр.
Үш жастағы ер бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 5 тамызда 17:07-де биіктен құлау туралы хабарлама түсті.
– 2021 жылы туған ер бала үйдің бесінші қабатынан құлады. Медициналық бригада үш минутта жетті, – деді станцияда.
Зардап шеккен бала Екібастұз қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында, ауыр жағдайда жатыр.