Жаһан

Таиландта 57 жастағы қазақстандық көз жұмды

depositphotos.com/ursula1964

Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.

Пхукетке демалуға келген 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.

Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам - қазақстандық екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.