Спорт

Париж-2024: Балуан Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалына шықты

olympic.kz

Демеу Жадыраев бірінші айналымда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалына шықты.

77 келіде белдесетін балуан 1/8 финалда Колумбия атлеті Алексис Муньосты мерзімінен бұрын жеңіп, келесі айналымға шықты.

Отандасымыз ширек финалда қырғыз балуаны, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовпен күреседі.