Жаңалықтар

Париж-2024: Балуан Айдос Сұлтанғали қырғызстандық әлем чемпионынан жеңіліп қалды

Olympic.kz

Бүгін Париж Олимпиадасында балуандар бәсекесі басталды.

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен 60 және 130 келі салмақтағы балуандар өзара кім мықтыны анықтап жатыр.

Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып жарысқа араласқан, 60 келі салмақта белдесетін Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде қырғызстандық екі дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековке есе жіберді. 

Енді Айдос қарсыласы финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуіне қатысады.