Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен сөйлесті

5 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda
Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға барады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

Тэгтер:

Тоқаев Түркіменстан