Жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді

instagram

Танымал тележүргізуші, медиа маманы Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды.

Журналист оқырмандар тарапынан келген сұрақтарға жауап беріп, жеке парақшасында сырласты.

«Қайрекеңізді сағындыңыз ба? Мен сағындым, 8 жылдан асты...», – деп сұрақ жолдаған оқырманына ерекше тоқталды.

«Сағындыңыз ба? Бір сәт ұмытқан емеспін, ұмыта алмаймын және оған деген сағыныш ешуақытта басылмайтынын білемін. Таң атады, кеш батады. Өмір жалғаса береді. Тек Құдайдан ғана жаныма тыныштық сұраймын. Ренжімеңіз, сізді жұбатайын десем, өтірік айтқандай боламын...», – деп жауап жазды журналист.

Еске салсақ, Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «Оқ-жетпес» емдеу сауықтыру кешенінің президенті болған. Олардың Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар.