Спорт

Париж-2024: Бүгін бес қазақстандық спортшы бақ сынайды

ҰОК

Бүгін қазақстандық спортшылар стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынайды.

Бүгін Олимпиада ойындарында стенд атудың скит бағдарламасы бойынша аралас командалар арасында бәсеке басталады. Еліміздің атынан Әсем Орынбай және Эдуард Ещенко сынға түседі.  

Сонымен қатар грек-рим күресінің шеберлері жарысты бастайды. 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали мен 130 келі салмақ дәрежесінде Әлімхан Сыздықов Париж бозкілемінде белдеседі.  

Ал жеңіл атлетикадан әйелдер арасында 200 метр қашықтықта Ольга Сафронова жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.