5 тамызға арналған ауа райы болжамы
Республика бойынша жел күшеюі мүмкін, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады.
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипатын сақтайтын болады: найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, елдің солтүстік – шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстігінде және орталығында жауын - шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшеюі мүмкін, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының батысында қатты ыстық болады деп болжануда.
Алматы, Атырау облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында, Павлодар қаласының орталығында, оңтүстік-шығысында- батыста, Ақмола облыстарының орталығында өрт қаупі әлі де жоғары. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында Атыраудың оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.