Қоғам

Жем-шөп тапшы: Батыс Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды

istockphoto.com

Жеке аулаларға шөп тасымалдау шығындары өтеледі

Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында жергілікті маңызы бар төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz "24KZ" арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай аймағына Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала мен Казталов аудандарының бірнеше ауылдары кірді. Құрғақшылық пен ақбөкендердің қаптап кетуі салдарынан мал өсірушілердің мал азығын жинауға мүмкіндігі болмай тұр. Негізі Батыс Қазақстан облысы мал шаруашылығымен айналысуда көшбасшы аймақ. Ірі қара малдың саны мұнда миллионнан, ал ұсақ малдың саны екі миллионнан асады. Мал басының 70% облыстың оңтүстігіне тиесілі. 

"Жергілікті билік проблемалардан хабардар. "Қазгидромет" қорытындысына сүйене отырып, өңірде төтенше жағдай режимі ішінара жарияланды. Субсидия ретінде ірі қара малдың әрбір аналық басына 22 мың теңге төленеді. Ұсақ мал үшін үш мыңнан астам, ал бие үшін 8 мың теңге. Ауыл шаруашылығы басқармасының есебі бойынша көмектің жалпы сомасы 3 млрд 260 млн теңге болады", - делінген хабарламада. 

Жеке аулаларға шөп тасымалдау шығындары өтеледі.