Жаңалықтар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

istockphoto.com

Өткен аптада елімізде болған кадрлық ауыс-түйіс

Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ал Нұржан Ахатов Қызылорда қаласының әкімі болса, Құдайберген Арымбек Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары болып Ерік Мейрханов тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына, ал Қуат Сандалов ҚР Президентінің Әкімшілігі цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.