Спорт

Париж-2024: Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды

Владислав Семенов

Ол украиналық Александр Хижнякпен алтын медаль үшін таласады

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың Париждегі Олимпиада ойындарының финалындағы қарсыласы анықталды.

Ол украиналық Александр Хижнякпен алтын медаль үшін таласады.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жек 8 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 01:51-де басталады.