Спорт

Париж-2024: Нұрбек Оралбай финалға шықты

Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына шықты.

Бокстан 80 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Доминикан Республикасының өкілі Кристиан Пиналесті жеңді.

Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті. 

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.