Өскеменде автовокзал өртенді

4 тамыз, 2024 / Ақмарал Берекет
ТЖМ
Өрттің себебі анықталып жатыр

Өрт сөндірушілер Өскемен автовокзалы ғимаратындағы өртті сөндірді.

Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін 2-қабаттағы сервер бөлмесінде жалын жиһаз бен бөлменің созылмалы төбесін шарпығаны анықталды.

Газ-түтіннен қорғау қызметі 10 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

өрт Өскемен