Спорт

«Жиі сүріндім»: Нариман Құрбанов Олимпиададағы жетістігі туралы

Сали Сабиров

Нариман Құрбанов - Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан Олимпиада жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық спортшы

Нариман Құрбанов Қазақстан арнасына сұхбат берді.

«Ат снарядына келіп, жаттығуды бастар алдында ештеңе ойламаймын деп шештім. Соңына дейін жаттығуды орындай бердім. Бәрінің қалай өткенін өзім де білмеймін. Жылдар бойы жасап жүрген комбинацияны автоматты түрде орындап шықтым. Бұрын бағдарлама соңында жиі сүрінетінмін. Бұл жаттығуды орындай алмағанымнан емес, психологиялық тұрғыдан дайын болмағанымнан сияқты. Бүгін бар тәжірибемді жинап, ең маңызды турнирде білгенімді түгел орындап, соңына дейін жеткеніме қуаныштымын!» - деді спортшы.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов - Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан Олимпиада жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық спортшы.