БҚО-да 67 жастағы әйел адамды өлтірген күдікті қолға түсті
Қылмысқа барған күдікті қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды
БҚО-да кісі өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыскерді анықтауға қылмыс орнында табылған дәлелдемелер көмектесті. Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман бөлмелердің бірінен криминалистикалық есепке алу мәліметімен тексеру кезінде деректер базасында адамның деректерімен сәйкес келетін дәлелдемелерді тауып, тәркіледі. Қылмысқа барған күдікті қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, 31 шілде күні Орал қаласындағы жер үйлердің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылған болатын. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және Орал қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері дереу жіберілді.