Қоғам

Алматыда базарлардың бірінен өрт шықты

Видеодан алынған кадр

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда

Алматыдағы базарлардың бірінен өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ.

Мәлімет бойынша, Алматы қаласының өрт сөндірушілері Түрксіб ауданының базарларының бірінде үш бутикте өрт шыққан.

ТЖМ күштерімен өрт оқшауланып, 100 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қызыл жалын балалар заттарының, тұрмыстық техника мен ойыншықтардың бутиктерінде тұтанған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.