Қоғам

Алматы облысында екі жігіт әжетханаға құлап, көз жұмды

РЖҚЖ видеосынан кадр

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт дала әжетханасына құлап, улы газға тұншығып мерт болды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.  

Назар аударыңыз! Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз, — деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.