Жаңалықтар

Өскеменде жер сілкінісі тіркелді

istockphoto.com

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 859 шақырым жерде орналасқан

Өскемен қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

2 шілде күні сағат 23:15-те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 859 шақырым жерде орналасқан.

Бұл — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылынан 70 шақырым қашықтықта.

Жерасты дүмпулерді Өскемен қаласының тұрғындары сезді.

Қуаты — 2-3 балл.