Жаңалықтар

Президент жолдауын универистет ұжымы талдайды

ашық дереккөзі

Президент жолдауын универистет ұжымы талдайды

2017 жылдың 2 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында ғылыми сениминар өтеді. Шараны ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі ұйымдастыруда. Университеттің жетекші экономист ғалымдары, оқытушы-профессорлық құрамы, докторанттар мен магистранттары және сарапшылар баяндама оқып, инновациялық экономиканың қарқынды даму факторлары мен технологиялық жаңарудың маңызды мәселелерін талқылайды. Семинар қатысушылары Қазақстанның ұлттық экономикасының ғылымды қажет ететін талаптарға ауысуының дайындық жағдайына, жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің маңызды артықшылығы ретіндегі логистикалық инфрақұрылымның даму шарттарына талдау жасайды. Бизнес ортаны жақсарту мен жаппай кәсіпкерлікті қолдау мәселерінің шешу жолдарын қарастырады. ҚазҰУ ұжымы үшін Мемлекет басшысының экономика дамуына бағытталған жаңа Жолдауы ғылым мен білім беру қызметін жүзеге асыруда жетекші рөлге ие. ҚазҰУ жаңа білім мен инновацияның,  ғылым интеграциясы және өндіріс пен білім берудің ірі орталығы ретінде  ҚР Президенті Н.Назарбаев алға қойған «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың негізгі тапсырмаларын белсенді орындауда. Адам капиталының сапасын арттыру мақсатында университет білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптарға сай жетілдірді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық платформаға жаппай ашық онлайн курстарын енгізу бастамасын көтеріп, оған Қазақстанның 15-тен астам ЖОО-ы қосылды.  Оқу орны сандық технологиялар қолданылған жаңа идеяларды ойлап тауып, өмірге ендіруде. ҚазҰУ-да заманауи университет құруға негізделген «Al-Farabi university - smart city» бірегей ғылыми-инновациялық жобасы жүзеге асырылуда. Аты әлемге әйгілі «Hewlett-Packard», «Microsoft», «Cisco», «Konika Minolta», «Fujitsu», «Samsung», «Касперский зертханасы» және тағы басқа компаниялардың орталықтары мен зертханалары ашылып, жемісті жұмыс істеуде.    Жандос Айымбетов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті