Астанадағы мектеп жәрмеңкесі
Жыл сайын жаздың соңғы айы оқушыларды мектепке дайындау қарбаласымен өтеді. Тамыздан бастап ата-аналар балаларына мектеп формасы, дәптер мен қаламсап, сабаққа қажетті оқушылар тұтынатын өзге де заттар сатып алып, жаңа оқу жылына дайындайды.
Нарықтық жағдайда сауда-саттықтың бәрі сұранысқа байланысты болатындықтан, тамыз айында мектеп оқушыларына қажетті заттардың бағасы қымбаттап кететіні белгілі жайт. Ал бұл көпбалалы ата-аналарға қаржылық жағынан оңай тимейтіні белгілі. Арзан деп бағасы қолжетімді заттарға қол созғанмен оның сапасы көңіл көншітпейтіні белгілі. Сондықтан бұл мәселеде мемлекет әрдайым көмекке келеді. Бірінші көмек – көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, т.б. қажетті заттарды сатып алуға мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе, екінші көмек – бағалардың қолже- тімділігін қамтамасыз ету үшін аудандар мен облыс орталықтарында және ірі қалаларда мемлекет ұйымдастыратын оқушылар жәрмеңкесі. Мемлекеттік көмек жайында айтсақ, егер отбасы көмекке мұқтаж, аз қамтылған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке хабарласып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Қазір мектептегі әлеуметтік педагогтар жаңа оқушыларды қабылдауды ескере отырып, мұқтаж балалардың тізімдері жасалуда. Осы орайда, жалпыға бірдей білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 14 500 баланы қамту жоспарлануда. 2024-2025 оқу жылында материалдық көмек мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрайды. Ал оқушылар жәрмеңкесінде заттардың алуан түрін таңдап алуға мол мүмкіндік жасалады, сондықтан бұл жәрмеңкенің жұмысы бір айға созылып, халық мектеп жасындағы балаларына қажетті сапалы заттарды сатып алуына жағдай жасалады. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында елорданың бірнеше жерінде мектеп жәрмеңкелері өтетіні хабарланған. Мұнда кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады, ол дүкендердегіден төмен болады. Жәрмеңке бүкіл қала бойынша өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астанада жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы басталады. Оның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету. Оған демеушілер мен мүдделі азаматтар белсене қатысуда. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда. Балаларын мектепке дайындап жатқан ата-аналардың назарына Астана қаласындағы мектеп жәрмеңкесі өтетін жерлер мыналар:
– «Аймақтау» сауда үйі, 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; – «Тұлпар» сауда үйі, 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін; – Magnum супермаркеті (Тұран даңғылы, 55Д), 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін тәулік бойы жұмыс істейді; – «Анвар» супермаркеті (Тұран даңғылы, 45), 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін; – «Тұмар» сауда үйі (Сығанақ көшесі, 1Б), 1 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін; – «Сарыарқа» сауда орталығы (Тұран даңғылы, 24), 15 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін; – «Рахмет» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін; – «Джафар» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін; – «Көктал» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін; – «Әсем» сауда орталығы, 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін; – Astana Mall сауда орталығы, 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін; – «Аружан» сауда орталығы, 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
Көрсетілген сауда орталықтарында, көрсетілген күндер мен уақытта елордалық оқушылар үшін мектеп жәрмеңкесі өткізілетін болады. Сондықтан жаңа оқу жылына мектеп жасындағы балаларын дайындайтын ата-аналар мүмкіндікті пайдаланып, өз балаларына қолжетімді бағаға мектепке қажет заттарды са- тып алса болады.