Спорт

Париж-2024: дзюдошы Кәмила Берліқаш алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

ҰОК/Сали Сабиров

Ол 78 келіде сынға түскен атлет моңғолиялық Адиясурен Амарсайханнан ұтылды.

 

Бүгін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында жекелей сындағы соңғы жарыс күні өтіп жатыр.

Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы Камила Берліқаш бірінші белдесуде қарсыласқа есе жіберді. 

78 келіде сынға түскен атлет моңғолиялық Адиясурен Амарсайханнан ұтылды. Камила кездесу барысында үш рет ескерту алды. 

Нәтижесінде, жеңіс Моңғолия балуанына берілді. 

Айта кетелік, осымен жекелей сындағы қазақстандық дзюдошылар бәсекесі аяқталды. Енді Қазақстан құрамасы аралас командалық сында өнер көрсетеді.