Қазақстанға Конго Республикасының президенті келді

2 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ақорда» резиденциясында  Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапар Ақорда Республика