Атырау қаласында бір үйдің екі баласы суға батып, қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, қайғылы оқиға кеше күндізгі сағат 15:00 шамасында қала маңындағы Құрманғазы ауылы тұсында болған.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, екеуі бір үйдің баласы.
Сүңгуірлер 7 жастағы ұлдың денесін тапты. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар 9 жастағы қыз баланы іздеп жатыр. Балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетілуде.