Жаңалықтар

«Қазақфильмді» уақытша кім басқаратыны белгілі болды

Сурет: www.istockphoto.com

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Бүгін ұлттық киностудия президенті міндетін кім атқаратыны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады", - делінген ақпаратта.