Спорт

Париж-2024: Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалына өтті

Фото: Сали Сабиров

Назым Қызайбай екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеіске жетті.

50 келі салмақта жұдырықтасатын Назым Қызайбай екінші жекпе-жегінде бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейдадан басым түсті.

Осылайша, Назым Олимпиаданың ширек финалына шықты.

Айта кетелік, бұл – Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары.