Актер Нұртас Адамбайдың соты кейінге қалдырылды
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды. «Сот кабинетіндегі» ақпаратқа сәйкес, Адамбайға қатысты сот 1 тамызда, яғни бүгін түске дейін өтуі керек еді.
«Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында актер Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралып жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Нұртас Адамбайға ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Атап айтқанда діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты.