Тоқаев Швейцария президенті Виола Амхердті құттықтады

1 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай осы елдің Президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Президент осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент құттықтау ұлттық мереке Швейцария