Жаңалықтар

Президент Әкімшілігінде екі жаңа бөлім меңгерушісі тағайындалды

Istockphoto.com

Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.