Жаңалықтар

Отырар ауданында лицей-интернаттың жатақханасынан өрт шықты

скриншот

Құтқарушылардың айтуынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасы өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Отырар ауданындағы лицей-интернаттардың бірінде жатақхананың шатыры өртенген. Өрт аумағы - 561 шаршы метр.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға кезінде жатақханада бір ғана күзетші болған. Құтқарушылардың айтуынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.